• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Сәуір, 2022

Атырауда салмағы 200 келі болатын алып балық ауланды

307 рет
көрсетілді

Атырауда алып бекіре тұқымдас қорытпа балығы ауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«200 келі тартатын балықты «Амангелді атындағы» ЖШС мен «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК балықшылары ұстаған. Олар Жайық өзенінің «Кіші Дамбы» учаскесінде мемлекеттік тапсырыспен балық аулаған. Ауланған балық бекіре өсіру зауытына жеткізіледі», деп жазды Балық шаруашылығы комитеттің ресми өкілі Аслан Жеңісұлы.