• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2014

Тазалық айлығы бастау алды

695 рет
көрсетілді

Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша биылғы жылдың 7 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Астана қаласының аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру мақсатында көктемгі экологиялық айлығын өткізу жоспарлануда. 19 сәуірде «Біз – таза қалада тұрамыз!» атты ұранмен жалпықалалық сенбілік өтеді. Сенбілікке шамамен 100 мыңнан астам астаналық қаты­сады деп күтілуде. Экологиялық айлық күндерінде қала аумағын санитарлық тазалықтан өткізу көшелерді, жаяу жүр­гіншілер жолдарын, аулалар мен гүлзарларды таза­лау және абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің арналарын күл-қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазалау, арық­тардағы кәріз жүйесін тазарту жұмыстарын жүргізу көзделуде. Сонымен қатар, гүлзар мен бақтардағы жасыл көшет­­терді күтуде маусымдық агротехникалық жұмыстар, көгал­дар мен гүлзарлар аумағын түзеу шаралары жүзеге асы­­ры­лады. Қала орталығындағы алаңдарды, балалар ойнай­тын аулаларды қыстан қалған жапырақ шірінді­лерінен тазарту және көгалдарды құнарландыру шаралары атқа­рылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, 19 сәуірде дәстүрлі жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған 8500 кәсіорын мен ұйым­­­дар, 170 оқу орындары, қаладағы 360 пәтер иелері­нің кооперативтері жұмылдырылып, 93 мыңнан астам адам және 450 техника қатысады. Астана қаласы әкімі аппара­тының баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық Табиғи ресурс­тар мен табиғат пайдалануды реттеу басқар­масы биыл­ғы сенбілікте 2700 ағаш және көшет отырғызуды жос­­парлап отыр. «Алматы» ауданында – 1000 ағаш (Қалдая­қов және 46 көшелерінде), «Есіл» ауданында – 1 500 ағаш (Жәнібек және Керей хан, Тұран даңғылы мен Еңбек­шілер көшесіне дейін), «Сарыарқа» ауданында – 200 көшет (Тілендиев көшесінде) отырғызылмақ. Қала әкімдігі барлық астаналықтарды туған қаламызды гүлдендіру мақ­сатындағы санитарлық тазалық айлығына қатысып, сен­білік күндері бір кісідей ұйымшылдық көрсетуге шақырады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».