Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар және ақпан айларында $126,3 млн-ға жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,8% - ға жоғары (118,2 млн АҚШ долл), деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қырғызстанға экспорттың қысқаруы табиғи газ жеткізілімінің 84,7%-ға немесе 12 млн долларға төмендеуімен негізделеді. Сонымен қатар өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын жеткізілімдерінің өсуі байқалады. Онда жөнелтілімдердің негізгі тауарлары - темекі өнімдері», делінген хабарламада.
Осы уақыт аралығында Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 59,6%-ға өсіп, 53,7 млн долларға жетті. Мұны мұнай өнімдерін әкелудің ұлғаюымен түсіндіруге болады. Сондай-ақ бағалы металдардың кені мен концентраттардың жеткізілімдерінде өсім бар.