• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Тағайындау 20 Сәуір, 2022

Бақыт Сұлтанов жаңа қызметке тағайындалды

582 рет
көрсетілді

Бұл туралы KASE сайтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (Алматы) KASE-ге Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен Б.Т.Сұлтанов Қор Директорлар кеңесінің  төрағасы болып сайланғаны туралы хабарлады», деп жазылған KASE сайтында.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады: Сұлтанов Б.Т., Бахмутова Е.Л., Баталов Р.А., Нұрғалиева А.Б., Жақсылықов Т.М., Мұхамеджанов А.Б., Бөрібаева Г.А. Бақыт Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.