Қазірге өңірлерде жылыту маусымы кезең-кезеңімен тоқтатылып жатыр. Десе де, маусымдық жұмыс мәресіне жетпеген аймақтар да бар. Мәселен, Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жылыту маусымы сәуір айының соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, Шымкент қаласында 2021-2022 жылдың жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталды. Шаһарда жылыту маусымы өткен жылдың 15 қазанында басталған болатын.
Сондай-ақ Алматыда 5 сәуір күні, БҚО-да 12 сәуір күні жылыту маусымы аяқталды. Ал, Елордада жылу беру маусымы 18 сәуірден тоқтатыла бастады.
Еске салайық, жылумен жабдықтаушы компаниялар әдетте орташа тәуліктік температура үш күн бойы +10 градус болған кезде жылу беруді тоқтатады.