Алматы әуежайына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жоққа шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, «мина» туралы ақпарат расталмады.
«Әуе кемесіне «бомба» қойылды деген ақпарат түсе салысымен, төтенше жағдай жоспары бойынша кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді. Ақпарат расталмады. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», делінген хабарламада.