• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Сәуір, 2022

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

238 рет
көрсетілді

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райының қолайсыз болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

21 сәуірде Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Орал қаласында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 18 м/с.

22 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласып, көктайғақ болады. 22-23 сәуірде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы 5-10 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.

22 сәуірде Ақмола облысының шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21-23 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 21 сәуірде түнде солтүстікте, оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, солтүстік-шығыста екпіні 23 м/с, 22-23 сәуірде солтүстікте, оңтүстікте 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы 5-10 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

22 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 22-23 сәуірде облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, 21 сәуірде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с болады, 22-23 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында желді екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы 3-8 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендейді деп болжануда.

Дәл сол күні Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, ал 23 сәуірде шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласаып, көктайғақ болады. 21 сәуірде күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, Түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15 м/с.

Түнде 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21-23 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Петропавл қаласында күндіз 21 сәуірде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с.