Рудный тау-кен технологиялық колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханада уланып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зардап шеккендер жүрек айну мен құсу шағымдарымен қаланың медициналық мекемелеріне жүгінген.
«Студенттердің жаппай қаралуы тіркелді. Көбінің улану деңгейі жеңіл және орташа. Көбі амбулаториялық ем алып жатыр. Асқазанын шайып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйлеріне шығардық», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Сондай-ақ 10 студенттің ауруханаға жатқызылғаны мәлім болды.