• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2022

Семей тұрғындары ыстық сусыз қалды

232 рет
көрсетілді

Семей қаласының тұрғындары жылу желілеріндегі жөндеу жұмысына байланысты жаз бойы ыстық сусыз отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл жазда кәсіпорынның жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты ыстық су өшіріледі. Қыс кезінде жылу көздері мен жылу желілерінің тоқтауына әкеліп соққан ақаулар болды. Бұған магистральдық құбырдағы ілмекті арматуралардың қанағаттанарлықсыз жағдайы себеп», деп хабарлады «Теплокоммунэнерго» МКМ қызметкерлері.

Сондықтан апатты учаскелердегі жылу желілері мен ілмекті арматуралар ауыстырылмақ.

«Жылу көздері мен жылу желілеріне жөндеу және дайындық жұмыстары жүргізілмесе, 2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінде қаланы жылумен қамтамасыз ету қиынға соғады. Тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз», делінген ақпаратта.