• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Сәуір, 2022

Жыл басынан бері әлеуметтік төлемге 77 млрд теңге жұмсалды

202 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 59,2 мың әйел жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған соң, жалпы сомасы 33,9 млрд теңге әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған 423,5 мың адам 42,6 млрд теңге сомасында әлеуметтік төлемге ие болған.

«Жоғарыда көрсетілген төлемдердің біріншісін алу құқығы жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күннен басталады. Бұл әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыс істейтін әйелдің соңғы жылдағы МӘСҚ-ға келіп түскен әлеуметтік аударымдары мен еңбекке қабылетсіздік күндерінің санына қарай болады. Екінші төлемді алудың негізгі шарттары – кірісті жоғалту және бала 1 жасқа толғанға дейін нақты күтім жасау. Төлем мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ға түскен әлеуметтік аударымдарға қарай, орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Бұл ретте осы төлемнің ең төменгі мөлшері жұмыс істемейтін әйелдерге тағайындалатын 1 жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі осыған ұқсас ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болмауы тиіс», деп түсіндірген хабарламада.

Жазбадан белгілі болғаны, ең жоғарғы мөлшер ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40%-ынан аспауы тиіс.

Әлеуметтік төлемдерден 10 % міндетті зейнетақы жарналары ұсталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.