«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2021 жылғы шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжатқа сәйкес, Банктің жалпы жиынтық табысы бір жыл ішінде 17%-ға, ал активтер көлемі 21%-ға өсті.
«2021 жылы Қазақстанның Даму Банкінің барлық негізгі қаржылық көрсеткіштері өсу серпінін жалғастырды. Пайданың ұлғаюы Банктің таза пайыздық кірісінің өсуімен, сондай-ақ клиенттерге берілген қарыздарды толық және ішінара мерзімінен бұрын өтеуден түскен жоспардан тыс кірістер үлесіне байланысты», деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасының қаржылық басқару мәселелері жөніндегі орынбасары Ботагөз Әбішева.