• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Сәуір, 2022

«Орталық Азия+Жапония» диалогы

616 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Орталық Азия өңірі мемлекеттері мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бейнеконференция режімінде «Орталық Азия+Жапония» диалогының 8-ші министрлік кездесуіне қатысты.

Өткен үш онжылдықта Орталық Азия елдері мен Жапония арасында барлық бағыт бойынша жемісті ынтымақтастық орнап, екіжақты және көпжақты форматтарда сындарлы диалог жолға қойылып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл серпінді дамып келеді.

Ә.Тұрсынов өз сөзінде еліміз­дің кеңейтілген стратегиялық әріп­тестігі бойынша Жапониямен қар­қынды дамып келе жатқан жан-жақты ынтымақтастықты жо­ға­ры бағалады. Қазақстан тарапы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, қоршаған ортаны қорғау және өзге де салалардағы өзара іс-қимылды жандандыруды ұсынды.

Жоғары деңгейдегі онлайн-кез­десуге қатысушылар ха­лық­аралық және өңірлік бір­қа­тар өзекті мәсе­ле­ні жан-жақ­ты талқылап, сауда-эконо­ми­ка­лық және инвес­ти­ция­лық ын­тымақтастық, ден­саулық сақ­тау, экология, тұ­рақты даму және өңір­лік қауіп­сіздік сала­ла­рын­дағы өзара іс-қимылды кеңей­ту перспективаларын бел­гіледі.

Жапонияның бастамасымен өткен «Орталық Азия+Жапония» диалогының алғашқы кездесуі 2004 жылы Қазақстан астанасында өткен еді. Формат шеңбе­рін­дегі ынтымақтастықтың не­гіз­гі бағыттары – саяси диалог, өңірішілік ынтымақтастықты дамы­ту, бизнесті қолдау, зият­керлік диалог, мәдени байланыстар және адами капиталды нығайту. «ОА+Жапония» диалогының ке­зек­ті 9-шы ми­нистр­лік кездесуін биыл жыл соңына дейін Токиода өткізу жос­парланып отыр.