• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2022

23 млн теңгені ұтысқа тіккен ақтөбелік түрмеге қамалады

166 рет
көрсетілді

23 млн теңгені ұтысқа тіккен ақтөбелік ұтылған ақшаның «ұрлығын» ұйымдастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

4 сәуір күні №2 қалалық полиция бөліміне 29 жастағы ер адам ұрлық бойынша арызданды.

Оның айтуынша, 101-атқыштар дивизиясы көшесінде Lada Priora автокөлігінен белгісіз біреулер 23 млн теңге ақша салынған пакетті ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында ұрлық дерегінің қаланың басқа бөлігінде болғанын анықтады.

Айғақтарды көрсеткеннен кейін, ер адам ұрлық дерегін өзі ойластырып, күдікті ретінде танысын қатыстырғанын айтты.

Шын мәнінде, жәбірленуші жұбайына айтпай, ақшаны ұтысқа тіккен. ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Осы баптың санкциясында сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.