• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2022

Қаңтарда жазатайым құрбан болған 13 азаматтың отбасына қаржы аударылды

208 рет
көрсетілді

Қайтыс болған 13 азаматтың отбасы мүшелеріне «Қазақстан халқына» қоры ақшалай төлемдер жіберді, олардың жазатайым құрбан екенін құзырлы орган растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаңтар оқиғасы кезінде ауыр жарақат алған 2 баланың ата-анасына ақшалай төлемдер жіберілді. Бір бала оқ жауған көлікте отбасымен бірге, ал екінші бала оқ атылған көлікте әкесімен бірге болған. Төлемдер зардап шеккен балалар туралы мәліметтер түскеннен кейін жүргізілді», делінген «Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қордың дерегі бойынша, санаттағы жәбірленушілерге жолданған жалпы төлем сомасы 97 млн теңге болды.

«Қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңгеден, ауыр жарақат алған балалардың туыстарына 3 миллион теңгеден төленді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қор өкілдері Қамқоршылық кеңестің шешімімен қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған барлық қаза тапқан азаматтардың отбасыларына құзырлы органдардан тізімдері нақтыланғаннан кейін төлемақы берілетінін еске салды.