Жол-көлік оқиғасы 21 сәуірде Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының 26-шақырымында болды. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Carina көлігінің 71 жастағы жүргізушісі кері бұрылмақ болып, қарсы бағытта келе жатқан Subaru көлігіне соғылған», делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.