• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2022

Қазақстанда жұмыртқа өндірушілерді субсидиялау көлемі ұлғайтылады

339 рет
көрсетілді

ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыртқа өндірісінің құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативін екі есе ұлғайту көзделгенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдік азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыз жағдайға байланысты және отандық құс фабрикаларын қолдау, ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндірушілерді қолдау көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Түркістан облысында өткен республикалық семинар-кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуде.

Осылайша, ереже жобасында жұмыртқа өндірісінің құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативін екі есе ұлғайту көзделген, ол құс фабрикасының қуатына қарамастан, бір данасына 3 теңгені құрайды. Осылайша, қолдау шарасымен еліміздің барлық жұмыртқа құс фабрикалары қамтылатын болады, оларды субсидиялауға 6,5 млрд теңге бөлінеді.

Республикамызда 63 құс фабрикасы бар, оның ішінде 29 – ет және 34 – жұмыртқа бағытында. 2021 жылдың қорытындысы бойынша отандық құс фабрикалары сойыс салмақта 266,8 мың тонна құс етін өндірді, бұл жалпы өндіріс көлемінің 98 % құрайды. Тауық жұмыртқасы 3,5 млрд дана немесе жалпы өндірістің 74% өндірілді. Құс етімен қамтамасыз ету 66 % - ды құрайды, импорт үлесі 45% - дан 39,5% - ға дейін төмендеді. Ел тағамдық жұмыртқамен 98 % қамтамасыз етілген.