Күрес 24 Сәуір, 2022

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды

557 рет
көрсетілді

Азамат Дәулетбеков Ұлан-Батырда еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс қазақстандық Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта финалда үндістандық Дипак Пуниямен кілемге шықты.

Д. Пуния - әлем, Азия біріншіліктерінде әлденеше рет олжалы болған азулы балуан.

Соған қарамастан, Азамат қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Бұл - еркін күрестен Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы алғашқы алтыны.

Соңғы жаңалықтар