• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Сәуір, 2022

Атырау облысында қайық аударылып бір адам суға кетті

490 рет
көрсетілді

Атырау облысында аударылған қайықта болған ағайындының бірі суға кетті, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға бүгін, 24 сәуірде сағат 01:30-да болған.

«Құрманғазы ауданында ағайынды екі жігіттің Бірлік ауылынан 35 шақырым қашықтағы Қиғаш өзеніне балық аулауға барған. Түнгі сағат 01:30-да ағайынды жігіттер отырған қайық аударылған. Ағайындының үлкені өз бетімен жағалауға шыққан. Ал, 1993 жылғы інісі Қиғаш өзеніне батып кеткен», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қиғаш өзенінен батқан жігітті іздестіру бүгін, 24 сәуірде сағат 10:30-да басталды. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкер суға батып кеткен жігіттің мәйітін сағат 13:45-те тауып, судан шығарған.