• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2022

Ажарлы аялдама

341 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласында ерекше аялдама пайда болды. Көмірлі шаһардың тұрғындары автобусты өрт сөндіру көлігінің кабинасында күтеді. Иә, қалыс естіген жоқсыз. Осылайша, құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға креативті түрде назар аудартуды көздеп отыр.

Жаңа арт-жоба паналау мақсатында ғана емес, ақпа­раттық көмек ретінде де тиім­ді. Онда қаладағы тө­тенше жағ­дайлар мен оқи­ғалар туралы соңғы жа­ңа­лық­тардан хабардар болып, ережелермен таныса аласыз. Сондай-ақ жастарға құт­қарушылар мен өрт сөн­ді­рушілер мамандығын қалай меңгеруге және азамат­тық қорғау қызметіне қалай жолдама алуға болатыны жа­зыл­ған.

Облыстық төтенше жағ­­дайлар департаменті қыз­мет­керлері тың идеяны ал­­да­ғы мамыр мерекелері және Екі­бастұз қаласының 65 жыл­­дығына орай іске асы­рып отыр. Жобаның ор­на­ласқан жері кездейсоқ таң­­­далған жоқ. Аялдама №2 маман­дан­ды­рылған өрт сөндіру бөлі­мінің жанында орын тепкен.

– Бұрын жұмысқа бара жат­қанда айналаға көз тастап, болмашы ойдың жетегінде жүретінмін. Енді аялдамадан көптеген пайдалы ақпаратты оқып жүрмін. Ерекше жобаны қолға алған құтқарушыларға тұрғындар атынан алғысымды білдіремін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап жүрейік! – деді шаһар тұрғыны Жүсіпбек Жарқынбеков.

Өрт сөндіру көлігі тақыры­бындағы мұндай арт-жоба Қазақстанда алғаш рет Екі­бастұз қаласында қолға алын­ғанын атап өткен жөн.