Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тұңғыш Президенттің мәртебесі мәселесіне келетін болсақ, бізде бұл Конституция және конституциялық заңдармен реттеледі деп жазылған. Жұмыс тобы бұл мәртебені Конституцияның өзінде анықтау керек, бұл норманы нақтылайтын заңдарға емес, Конституцияның өзіне жүгіну керек деген қорытындыға келді.
Яғни, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы. Яғни, бұл мәртебе анықталады. Бұл үлкен маңызға ие болады деп ойлаймын, өйткені еңбектер, білгілі объектив деректі бәріңіз көрдіңіздер, бүкіл әлем көріп отыр, ол Конституцияда бекітіледі» деді Әбдірасулов.