• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Үкімет 26 Сәуір, 2022

Балалар лагерьлерінде қауіпсіздік шараларын күшейту маңызды - Әлихан Смайылов

170 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында жазғы лагерьлер мен сауықтыру орындарындағы өрт қауіпсіздігін қазірден бастап пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл сайын табиғи өрттердің кесірінен адамдар қаза тауып, мүлік пен табиғатқа орасан зор шығын келеді. Биыл «Қазгидрометтің» болжамы бойынша жаз мезгілі жылдағыдан ыстық болады деп күтілуде.

Өңірлерде қазірдің өзінде күн ысып, табиғи өрт саны артып отыр. Бұл мәселе Төтенше жағдайлар министрлігі мен жауапты мемлекеттік органдардың және әкімдіктердің жіті назарында болуы тиіс», - деген Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға бірнеше маңызды мәселеге назар аударуды тапсырды.

Біріншіден, өңір әкімдіктері өрт бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жұмысын жалғастыруға міндеттелді.

«Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге балаларды сауықтыру лагерлері, санаторийлер мен демалыс аймақтарында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алсын!.

Екінші. Экология министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге орман және табиғатты қорғау мекемелерін өртке қарсы техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру шараларын қабылдасын. Күштер мен құралдардың табиғи өрт кезінде шұғыл әрекет етуге дайындығын қамтамасыз етсін. Сондай-ақ ірі өрттерді сөндіруге авиацияны тартуды қарастырсын», - деді Әлихан Смайылов.