• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 26 Сәуір, 2022

Президент: AMANAT елімізді өркендетуге өз үлесін қоса береді

339 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының ел өркендеуіне үлес қоса беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы бүгінгі өзгерістер AMANAT-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді өркендетуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз. Мен сіздерге сенемін», деді Президент партияның XXIII Съезінде.

Сондай-ақ ол партия төрағасы ретінде қызмет еткен кезеңде өзімен иық тірестіріп жұмыс істеген партия өкілдеріне ризашылығын білдірді.

«Құрметті AMANAT партиясының мүшелері, сіздерге тағы да Отанымыздың игілігі жолындағы қолдауыңыз бен бірлескен жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Шынымен де біз бірге өте жақсы жұмыс істедік. Бір-бірімізді түсіне алдық. Сондықтан мен де болашақта бірге жұмыс істейтінімізге күмәнім жоқ. Мен баршаңызға сенемін. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық», деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының XXIII съезі өтті.