• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2022

Атырауда әлімжеттіктен зардап шеккен оқушы ауыр жағдайда жатыр

275 рет
көрсетілді

Атыраудағы мектеп дәретханасында 11-сынып оқушысы соққыға жығылды. Алдын ала ақпарат бойынша, оқушыға дәрігерлер жақ сүйегінің сынуы диагнозын қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мой город» басылымының мәліметінше, оқыс оқиға 25 сәуірде №36 мектеп-гимназияда орын алған.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Феруза Шаңгереева бұл күні 10-шы және 11-сыныптың екі оқушысы арасында дүрдараздық туындап, мектеп дәретханасында жалғасқанын айтады. 10-сыныптың оқушысы екіншісін ұрып жатқанда олардың жанында 9 және 11 сыныптардың алты оқушысы болған.

«Мектеп медбикесі балаға медициналық көмек көрсетті, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Төбелеске қатысушылардың барлығымен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу орнының директоры жауапкершілікке тартылды. Болашақта бұл мектептің тәрбие процесі қатаң бақылауда болады», дейді Феруза Шаңгереева.

Облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов 25 сәуірде сағат 17:30-да медициналық мекеменің қабылдау бөліміне жарақаты бар науқас келіп түскенін хабарлады. Ол отоларингология бөліміне жатқызылған.

«Науқасқа медициналық көмек көрсетілді. Алайда оған шұғыл ота қажет болмағандықтан және облыста жақ-бет хирургінің жоқтығынан науқасты БҚО мамандарына жіберу туралы шешім қабылданды. Оған 7-10 күн ішінде жоспарлы ота жасалу керек болатын. Алайда науқастың ата-анасы қолхат беріп, өз еркімен босатып алып, оны БҚО-ға алып кетті», дейді Нұрқабыл Айтмұхамбетов.