Кәсіпкер ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаментіне қант бағасына жүргізілген мониторинг кезінде сұралған мәліметті уақтылы ұсынбаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Монополияға қарсы департаменттің сұрауына «Риза-ПВ» ЖШС-ға қатысты ақпаратты уақтылы бермеу фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, деп Pavlodarnews.kz құзырлы ведомства хабарламасын алға тартады.
Кәсіпорын құқық бұзушылық жасау фактісін мойындағанын ескере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабы шеңберінде қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібі қолданылды, ол 50% мөлшерде (Т153 150) айыппұл төлеуге міндеттелді.