• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Сәуір, 2022

Украинада 3000-ға жуық бейбіт тұрғын қаза болды – БҰҰ

273 рет
көрсетілді

БҰҰ-ның адам құқығы бойынша Жоғарғы комиссарының мәліметі бойынша, Украинада әскери операция басталғалы 2665 бейбіт тұрғын көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марқұмдардың 195-і – бала. Тағы 3 мыңнан астам адам жарақат алған. Қаза тапқандардың көбі –  зымыран, әуе шабуылы, ауыр артиллерия мен реактивті жүйеден соққы алғандар. 

Қазір Украина Сыртқы істер министрі БҰҰ-дан Мариупольдегі халықты эвакуациялау үшін Ресейге қысым көрсетуді сұрап отыр. Өйткені сейсенбі күні ұйым басшысы Антониу Гутерриш Мәскеуде Владимир Путинмен кездеседі. Ал, бейсенбі күні Киевке жол тартып Владимир Зеленскиймен жүздеспек.