• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Сәуір, 2022

Елордада бір қап есірткі сақтаған азамат ұсталды

139 рет
көрсетілді

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген ұзақ мерзімді арнайы жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде елорданың 39 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Кинологиялық қызмет орталығының иттерін пайдалана отырып тінту барысында «Мирный» гараж кооперативінен полиэтилен қап тапты. Белгілі болғандай, қапта «гашиш» есірткі заты сақталған. Сатуға дайындалған заттың салмағы 25 келі екен.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Акбаровтың айтуынша, тәркіленген есірткі құралдарының саны есірткіні тұтыну үшін 5000 бір реттік дозаны құрайды. Ал құны «қара нарықта» 30 миллион теңгеге жуық. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдар анықталуда.