Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатпағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әзірге ондай мәселе талқыланып жатқан жоқ. Бірақ мен Президент саяси реформаларды жариялағанын айта аламын. Біз тиісті конституциялық және өзге де заңдарды жыл соңына дейін қабылдауымыз керек. Әзірге ондай мәселені талқылаған жоқпыз», деді Мәжіліс төрағасы.
Мәжіліс спикері өзі төрағалық ететін Amanat партиясының саяси науқандарға дайын екенін де айтты.
«Кез келген партия саяси күреске дайын жүруі керек. Ертең сайлау жарияланса, әрине, біздің партия дайын», деді Ерлан Қошанов.