Әкімдерге партия филиалдарында лауазымды қызмет иеленуге шектеу қоюға қатысты тиісті заңдар қаралып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Е. Қошановтан әкімдерге партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу мәселесіне қатысты сұрақ қойды.
«Осы бойынша Президент жариялаған болатын. Жақын арада бұл тақырып бойынша шешімдер қабылданады деп ойлаймын. Нақты күнін айта алмаймын, бірақ тиісті заңдар қаралып жатыр», деді Мәжіліс төрағасы.