• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 27 Сәуір, 2022

Қаржы пирамидасын жарнамалағандар жауапқа тартылады

248 рет
көрсетілді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қаржы пирамидаларына қарсы тұруға бағытталған заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Онда алаяқтық схемаларды жарнамалаған вайнерлер мен әртістерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаржы пирамидалары өте күрделі мәселе. Әсіресе біздің өңірлерде халықтың, тұрғындардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, көбіне алаяқтық істер жасап жатады. Бұл енді бір жағынан қылмыстық іс деп айтуға болады. Себебі, сол қаржы пирамидаларының берген уәделеріне адамдар сеніп, соңғы ақшаларын апарып береді. Өткенде соларға алданған бір әйелдің өзін-өзі өртегеніне де куә болдық. Сондықтан Мәжіліс депутаттары заң жобасын жасап шықтық», деді ол Мәжілістің баспасөз алаңында.

Оның айтуынша, бұл заң жобасының қолға алынуына депутаттар бастамашы болған.

«Таяу уақытта осы заң жобасы қабылданады. Оның ішінде қаржы пирамидаларына бөгет жасайтын баптар бар. Негізгісі қоғамға белгілі адамдарға, әртістердің, вайнерлердің іс-әрекеттеріне, әсіресе сол алаяқтық екенін біліп тұрып жарнама жасайтын болса, көмектесетін болса, олар қылмыстық жауапқа тартылады.

Қазір дәл уақытын айта алмаймын. Бірақ биылғы бірінші жартыжылдықта іске алармыз деп ойлаймын», деді Ерлан Қошанов.