Астана қаласында 26-29 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жетекшілігімен бірінші рет қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүлік түрлерінің халықаралық “KADEX–2010” (“Kazakhstan Defense Exposіtіon”) көрмесі өткізіледі. Ондағы экспозициялар: “Қару-жарақ”, “Тыл мүлкі, медицина”, “Құрылыс және инфрақұрылым”, “ІT технология” сияқты 4 бағытта ұйымдастырылады.
28-29 мамырда келем деушілерге есік ашық. Көрмеге қатысушылар мен оны тамашалаушы қонақтар үшін құрметті қарауыл ротасы, Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштері бөлімшелері өнер көрсететін болады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.