• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 01 Мамыр, 2022

Каспий теңізінен ұзындығы 300 километрден асатын браконьерлік ау тәркіленді

217 рет
көрсетілді

Қазақстанның шекара қызметі басқа да мемлекеттік органдармен және Ресейдегі әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізіндегі браконьерлерге қарсы жедел іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz sputnik.kz сайтына сілтеме бере отырып.

 

Олар 52 катердегі 109 браконьерді ұстады. Оларға жалпы сомасы 2,6 миллион теңгеге айыппұл салынды.

«Ұзындығы 300 километрден асатын браконьерлік ау тәркіленді. 575 бекіре балығы мен 4 803 частик балық, сондай-ақ 43 итбалық табиғи ортаға жіберілді», деп жазылған Қазақстан шекара қызметінің хабарламасында.

Жалпы шығын көлемі 1 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланды.