• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2010

ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

513 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды. Депутаттардың талқысына кей­бір  заңнамалық актіге мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы са­ласында мемлекеттік бақылауды күшейту мәселелеріне қатысты заң жобасы екінші оқылымда ұсыны­латын болды. Бұл жөнінде Заңнама және сот-құқықтық реформа ко­митеті мәлім етті. Сонымен қатар, Экология мә­се­лелері және табиғат пайдалану комитеті өрт қауіпсіздігіне қатысты заң жобасы бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеу­ші­лік­тер­ді еңсеру жөніндегі келісім ко­мис­сиясының ұсыныстары туралы мәлімет берді. Бюро отырысында депутаттық кор­пустың заң шығарушылық қыз­ме­тіне қатысты басқа да мәселелер қаралды. “Егемен-ақпарат”.