Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілдері аталған тізімде өз позицияларын жақсартты.
Сонымен, Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 26-шы (бұрын 37-ші орынды иеленген) орынға көтерілсе, Айдос Кенжеғұлов – 249-шы (358), Зәуреш Акашева – 118-ші (151), Айя Әлімбаева – 221-ші (536), Сарвиноз Мірқадырова – 237-ші (647) болды.
Ал Алан Құрманғалиев рекордтық көрсеткіш көрсетті. Ол 1269-шы орыннан бірден 298-ші орынға бір-ақ көтерілді.