«Қазақстан темір жолы» ҰК Павлодар облыстық сигнализация және байланыс бөлімшесінің бастығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
«Агенттіктің Павлодар облыстық департаменті қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Павлодар облыстық сигнализация және байланыс бөлімшесінің бастығы С.Түсіповтің қызметтік уәкілдігін асыра пайдаланғанын және бюджет ақшасын жымқыру фактісін анықтады», делінген хабарламада.