Талдықорған қаласында алаяқтық әрекеттері жиілеп, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жайында Криминалды полиция басқармасының аға жедел уәкілі Мақсат Нұрғалымов бүгін өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері Алматы облысы аумағында ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-тармағы, 4-тармақшасында көрсетілген алаяқтық дерегіне байланысты 307 қылмыстық іс қозғалған. Былтыр 440 қылмыстық іс тіркелген.