АҚШ-тың Гавай аралдарындағы Килауэа жанартауы қайта ояна бастағандай. Осы елдің Геологиялық қызметінің хабарлауынша, соңғы екі аптада отты таудан қызыл шоқ тоқтамай ағып жанартаудың шұңқыры лаваға тола бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Мамандар мұның соңы жанартаудың қатты атқылауына әкелуі мүмкін деп отыр.
Айта кетейік, Гавай аралындағы жанартаудың соңғы рет қатты атқылауы 2018 жылы болып, мыңдаған үй бүлінген еді.