• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Мамыр, 2022

Инфляцияны төмендету жөніндегі шаралар қолға алынды – Ғалымжан Пірматов

359 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов дезинфляциялық ақша-кредит саясатының қалай жүріп жатқаны жөнінде Сенатта баяндама жасады деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ішкі экономикадағы жағдай оң болып отыр. Биыл бірінші тоқсанда жалпы ішкі өнім 4,4%-ға өсті. Экономиканың 2021 жылы 4%-ға артып, пандемияға дейінгі деңгейге оралғанын атап өткен жөн. 2022 жылғы наурызда тауар айналымының өсуі жылдық мәнде 3,7%-ға дейін жеделдеді», деді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Оның мәлімдеуінше, Қазақстанда тұтыну көлемінің өсуі инфляцияға қысым көрсетіп отыр. Инфляция осы жылғы сәуірде 13,2%-ға дейін жеделдеді. Әсіресе азық-түлік тауарларының бағасы қатты өсіп, 17,9%-ға артты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі 11,1%-ға, ақылы қызметтер бағасының өсімі 8,9%-ға дейін жеделдеді.

«Проинфляциялық қысымның өсуінен Ұлттық банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізіп келеді. 2022 жылғы 24 ақпанда Ұлттық банк геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты қаржылық және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді. Базалық мөлшерлеме көтерілген соң, ақпанда халықтың теңгедегі салымдары бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын шекті ставкалар да көтерілді», деді  Ұлттық Банк төрағасы.

Сонымен қоса, Үкіметпен бірлесіп жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша республикалық бюджет есебінен өтемақы төлеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын жариялады.

«Ұлттық Банк 25 сәуірде экономиканың, ішкі және сыртқы сұраныстың оң серпіні кезінде жалғасып отырған фискалдық ынталандыру аясында базалық ставканы 14%-ға дейін көтерді. Инфляцияға қарсы саясатты күшейту үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, биылғы ақпаннан бастап 2022-2024 жылдарға арналған Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі жаңартылған шаралар кешенін іске асыруда», дейді Пірматов.