• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:00

Ғалымдар иммундық жасушалардың жұмысын күшейтетін өнімді атады

Қытай ғалымдары күріш кебегінен алынған пептидтердің иммундық жасушалардың белсенділігін күшейте алатынын анықтады. Зерттеу нәтижелері Food & Function журналында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеушілер пептидтерді күріш кебегінен ферментативті гидролиз және Lactobacillus plantarum бактерияларының көмегімен ферментациялау арқылы алған. Өңдеуден кейін еритін ақуыз мөлшері 10 еседен астам өсіп, 6,73 пайыздан 74,24 пайызға дейін жеткен. Сонымен қатар ағзаға жеңіл сіңетін қысқа пептидтердің үлесі де артқан.

Иммунитет жағдайын анықтайтын AI стартап әзірленді

RAW264.7 иммундық жасушаларына жүргізілген тәжірибелер мұндай пептидтердің жасушаларға зиян келтірмейтінін, бірақ олардың белсенділігін айтарлықтай күшейтетінін көрсетті. Атап айтқанда, жасушалар бөгде бөлшектерді белсендірек сіңіріп, пішінін өзгертіп, иммундық жауаппен байланысты молекулаларды көбірек бөле бастаған. 

Ғалымдар сондай-ақ патогендерді тануда маңызды рөл атқаратын TLR4 рецепторының белсенділігі жоғарылағанын анықтады. Мамандардың пікірінше, бұл күріш кебегінен алынған пептидтердің иммундық механизмдерді табиғи жолмен іске қоса алатынын көрсетеді.

Нитрат пен химия: Ерте піскен жемістердің денсаулыққа зияны бар ма?

Зерттеушілердің айтуынша, көбіне күріш өңдеудің жанама өнімі саналып келген күріш кебегі иммунитетті қолдауға және функционалды тағам әзірлеуге арналған табиғи компоненттердің перспективалы көзіне айналуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін химиялық тыңайтқыштардың денсаулыққа қалай әсер ететіні туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар