Алматы қаласының прокуратурасы егде жастағы анасын ұрған ер адамның екі айға қамауға алынғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алатау аудандық прокуратура таратқан мәліметке сәйкес, ер адам – жәбірленушінің ұлы. Жанжал енесінің келініне дөрекі сөйлеуінен туындаған.
«Ол егде жастағы адамға бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана (ауырлығы орташа) зиян келтірді деген күдікке ілінді. Прокурорлар тергеушінің өтінішін қолдады және сот санкциясымен 49 жастағы ер адам екі айға қамауға алынды», деп хабарлады ведомство.