Петропавлда болған қатты дауыл салдарынан көлік үстіне ағаш құлап, Береке ықшам ауданындағы ғимараттың шатыры жұлынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде бірнеше бейнежазба жарияланған. Куәгерлердің айтуынша, облыс орталығындағы «Қазақтелеком» ғимараты зақымдалған. Береке ықшам ауданында салынып жатқан сауда үйінің шатыры жұлынып кеткен. Ал, орталық көшелердің бірінде екі көліктің үстіне ағаш құлаған. Дауылдан келген залалдың нақты көлемі әзірге белгісіз.