• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Мамыр, 2022

Елжан Таниева көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионы атанды

355 рет
көрсетілді

Елордада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін гимнастшылар шығыршық, доп, ұршық және таспамен орындалатын жекелей көпсайыс бойынша сынға түсті. Чемпионаттың алтын медалін Елжана Таниева (Шымкент) жеңіп алса, Баян Қойбақар (Шымкент) күміс жүлдені иеленді, Сабина Бақатова (Нұр-Сұлтан) үздік үштікті түйіндеді.

Еске салайық, республикалық чемпионатты көркем гимнастикадан спорт шеберлігіне үміткерлер жалғастырады.

Чемпионат 13 мамырда аяқталады.