• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Мамыр, 2022

Хакасияда 10 мың шаршы аумақ өртеніп кетті

263 рет
көрсетілді

Ресейдегі Абакан қаласы маңындағы Самохвал тауындағы өрттің ауданы 10 мың шаршы шақырымға жетті. Салдарынан 30-ға жуық ғимарат отқа оранып, бір әйел зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Хакасия Республикасы бойынша бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Екатерина Юрованың айтуынша, өрт «Южное» саяжай қоғамдастығында басталған. Саяжай аумағынан 12 адам эвакуацияланды.

Бұған дейін Хакасияның Саяногорск қаласында ауқымды өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің Сібір федералдық округіндегі өкілетті өкілі Анатолий Серышевтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хакасия биылғы жылы Сібірде ең көп табиғи өрттер тіркелген алғашқы төрт аймақтың қатарына енді. Бұл тізімге Краснояр өлкесі, Омбы және Новосібір облыстары да кіреді.