• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 07 Мамыр, 2022

Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет - Президент

720 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. Egemen.kz құттықтаудың толық мәтінін жариялайды.

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке.

Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді.     

Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде айбынды армиямыз қастерлі Тәуелсіздігіміздің және мемлекеттілігіміздің мызғымас қорғанына айналды.

Қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшейтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.     

Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сардарлар мен сарбаздарға ризашылығымды білдіремін. 

Ержүрек жауынгерлеріміз ел сенімін ақтайды деп сенемін!

Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін!