• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Мамыр, 2022

«Барыс Аренада» жұлдыздармен концерттің өтетіні - ФЕЙК

286 рет
көрсетілді

«БАРЫС АРЕНА» ғимаратында КОНЦЕРТТІҢ өтетіні туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концерт ЖОСПАРЛАНҒАН ЖОҚ ЖӘНЕ ӨТПЕЙДІ. «БАРЫС АРЕНА» ғимаратының басшылығы, оның ішінде елорданың MTEXmanagement спорттық-мәдени нысандарын басқаратын компания да қала тұрғындарына концертті өткізу ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙТЫНЫН айтты.

Ұйымдастырушы Марат Әбиев концертті өткізуден бас тарту туралы ресми хабарламаға қарамастан, тұрғындарды АЛДАП концертке шақыруды жалғастырып жатыр. Осылайша адамдарды ШАТАСТЫРУДА!

Қала тұрғындарын арандатушылыққа ермеуге шақырамыз. Заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған.