• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Мамыр, 2022

Бағдаршамның қызыл түсіне өткен жүргізуші бір адамды мерт қылды

296 рет
көрсетілді

Бүгін түнде «Toyota Camry» жүргізушісі бағдаршамның қозғалысқа тыйым салатын белгісін елемей, «Mercedes-Benz» автокөлігімен соқтығысты. Екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жексенбі, 8 мамыр сағат 02:40-та «Toyota Camry» маркалы автокөлік жүргізушісі Сембинов көшесімен келе жатып, Кенесары көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтеді. Сөйтіп, Кенесары көшесімен келе жатқан «Mercedes-Benz» автокөлігін соғады. Жол-көлік оқиғасынан «Mercedes-Benz» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Ведомстводан мәлім еткендей, «Toyota Camry» жүргізушісі мен «Mercedes-Benz» жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.