• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 74

255 рет
көрсетілді

2014 жылғы 10 ақпан  Астана, Үкімет Үйі «Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысына өзгеріс енгізу және «Почта арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 798 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.  «Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 339-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1 -тармағының 5) және 7) тармақшаларына және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:». 2.  «Почта арқылы жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 798 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 245-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.