• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Мамыр, 2022

Дзюдо төрешілеріне арналған халықаралық семинар басталды

238 рет
көрсетілді

Алматыда дзюдодан IJF мамандарының қатысуымен төрешілерге арналған халықаралық семинар басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Семинарды Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) спорт директоры Даниэль Ласкау, Армен Багдасаров, IJF төрешілер комиссиясының хатшысы Хюрлия Паскауле және Қазақстан дзюдо федерациясының президентінің міндетін атқарушы Асхат Жіткеевтің жетекшілігімен өтіп жатыр.

Аталған шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Ганконг, Кувейт, Иран, Сауд Арабиясы, Германия, АҚШ, Италия, Әзербайжан, Түркіменстан, Моңғолия, Тайвань және Тайпей елдерінен 70 төреші қатысып жатыр. 

Айта кетсек, төрешілерге арналған семинар 15 мамырға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар