Павлодарда 84 жастағы қария төртінші қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9 мамыр күні сағат 02:50-де Павлодар қаласындағы Павлов көшесіндегі үйдің жанынан 84 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол өзінің төртінші қабатта орналасқан үйінің терезесінен құлап кеткен», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Экспертиза тағайындалды.