Төтенше жағдайлар министрлігі терезеден құлап бара жатқан баланы аман алып қалған азаматты марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елордада терезеден құлағалы тұрған баланы аман алып қалған Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Төсбелгіні Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев табыстады.
Еске сала кетейік, бүгін елордада сегізінші қабаттан құлағалы тұрған бүлдіршін құтқарылды.