• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Мамыр, 2022

Елордада баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер берілді

557 рет
көрсетілді

Сегізінші қабаттың терезесінен құла жаздаған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәбит Шонтақпаев өзіне үй сыйлаған «G-Park» компаниясының басшылығына шексіз алғысын білдірді.

«Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рахмет!», деді ол.

Сәбит Шонтақбаев бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында да болды.

ТЖМ бірінші вице-министрі, генерал-майор Ибрагим Құлшымбаев батыр азаматты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар